«Ата-ана педагогикалық қолдау орталығы .
Түркістан о блысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталығының іс-жоспарына сай 2 сынып жетекшісі Ж. Масанованың Баланың бас ұстазы-ата -ана" тақырыбында ата -аналармен тренинг ұйымдастырды.Іс-шараның мақсаты:
Ата-ана, мұғалім, мектеп арасындағы байланысты нығайту. Баланы тәрбиелеуде ортақ жауапкершілікті түсіндіру.Баланың қауіпсіз әрі қолайлы оқу ортасын қалыптастыру жолдарын айқындау , балаға мейірім мен құрметке негізделген қарым-қатынас қалыптастыру.
Іс-шараның өтілу барысында сынып жетекші Ж. Масанова « Қауіпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз», "Сталкингке жол жоқ!" тақырыбында баяндама оқылды. Бала тәрбиесінде,әсіресе қыз бала тәрбиесіндегі мектеп, мұғалім, ата-ананың рөлі туралы талқыланды.Үштік одақтың қолдау көрсету жолдары айтылып, мысалдар келтіріліп, тәжірибе жасалды. Адал азамат- болашақ қоғамның тірегі туралы ақпарат берілді. Топтық жұмыста "Баланы қалай қолдай алады ?" деген сұраққа жауап жазып, ортада ой бөлісті .
Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары И.Налибаева ата-аналарға баламен дұрыс қарым-қатынас орнату, тәрбиеде күш қолданбай түсіністікпен әрекет ету жолдарыжөнінде кеңес берді. Ата-аналар өз ой-пікірлерін білдіріп, мектеп ұжымына алғысын білдірді.
Отбасы мен мектеп, мұғалім бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.
Мектеп пен ата - ана бала қауіпсіздігі үшін қолайлы орта екенін ұмытпайық!





