Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде педагог кадрлар арасында «Сталкингтің алдын алу және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында жиналыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – мұғалімдерге сталкинг ұғымын түсіндіру, оның белгілерін ажырату, алдын алу жолдарын қарастыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен әрекеттерді айқындау.
Жиналыс барысында сталкингтің психологиялық қысым көрсету, қудалау, әлеуметтік желілер арқылы мазалау, жеке өмірге қол сұғу сияқты түрлері талқыланды. Әсіресе жасөспірімдер арасында әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы болатын киберсталкинг мәселесіне ерекше назар аударылды. Мұндай әрекеттердің оқушының психологиялық жағдайына кері әсер ететіні айтылды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларындағы жауапкершілік мәселелері түсіндіріліп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары қарастырылды. Мұғалімдерге күмәнді жағдайларды ерте анықтау, мектеп психологымен және ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жүргізу, сенім атмосферасын қалыптастыру қажеттігі ескертілді.
Жиналыс соңында:
Оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу;
Ата-аналар жиналыстарында ақпараттық жұмыстар ұйымдастыру;
Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру;
Құқық қорғау органдарымен бірлескен алдын алу шараларын күшейту
сияқты ұсыныстар қабылданды.
Аталған жиналыс педагогтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білім алушылардың қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге бағытталды.





