Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ұстаз-өмір шамшырағы" 8-сынып

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-сынып жетекшісі Ш.Белгибаеваның ұйымдастыруымен "Ұстаз-өмір шамшырағы" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараның мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін таныту, ұстазды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында ұстаздың тағылымы терең өнер екендігін, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы керек екендігін ұғындырды.

Ұстаздарға арналған мақтау мен мадақтаулар өлең мен жыр, ән мен күй болып төгілді.

Іс - шара соңында мектеп директоры С.Рысбай педагогикалық қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтап сынып жетекшісі мен оқушыларға алғысын білдірді.

https://www.facebook.com/share/v/1AjnKaMzoC/