Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр азаматтың міндеті ме?

Түркістан облысы, Отырар ауданы "Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Ұшқыр ой алаңы" дебат үйірмесінің жетекшісі Н. Абдуламиттің ұйымдастыруымен "Заң мен тәртіп" жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр азаматтың міндеті ме? » тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық көзқарас дамыту.

Дебат барысында екі тарап өз ұстанымдарын қорғады. Қолдаушы тарап сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін дәлелдеп, пара бермеу, заңды сақтау, әділетсіздікке бейжай қарамау – қоғамды өзгертудің басты жолы екенін атап өтті.

Ал қарсы тарап бұл мәселенің негізгі жауапкершілігі мемлекеттік органдарға жүктелуі тиіс екенін айтып, жүйелі бақылау мен қатаң заңдардың маңызын алға тартты. Дегенмен пікірталас барысында азаматтық белсенділіксіз кез келген заңның нәтижесіз болатыны туралы ортақ ой қалыптасты.

Дебат сұрақ-жауап бөлімінде жалғасын тауып, қатысушылар нақты өмірден мысалдар келтірді. Іс-шара соңында оқушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес әр адамның адал таңдауы мен жауапкершілігінен басталатыны туралы қорытындыға келді.

Аталған дебат қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өз пікірін дәлелді жеткізуге, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берді. Төрешілер өз пікірлерін білдіріп, қатысушыларды марапаттады.

https://www.facebook.com/share/p/1CBAQZhZWH/