Түркістан облысы Отырар ауданы “Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 02.03.2026ж күні “Тәрбие негізіндегі ұлттық құндылық және жасанды интеллект” тақырыбында Сынып жетекшілер бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді. Аталған онкүндік оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушы мен ата-ана, мұғалім арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, сынып жетекшілерінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөліне ерекше тоқталды. Онкүндік аясында өтетін тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, кездесулер, тренингтер мен түрлі челлендждер жоспары таныстырылды. Жоспар бойынша құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік бағыт, ұлттық тәрбие, қауіпсіздік, цифрлық мәдениет тақырыптарында іс-шаралар өткізу көзделді.
Жалпы, сынып жетекшілер онкүндігінің ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жоспарланған жұмыстармен ұжым толық таныстырылды. Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар оқушылардың белсенді қатысуымен мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор түрде өтті.
Сонымен қатар онкүндік аясында 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне арналған “Алғыс айту - ізгі ниет”атты тақырыбында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын насихаттауға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, сыйластыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайту.
Алғыс айту күніне арналған шара барысында оқушылар ұстаздарға, ата-аналарға, достарына және айналасындағы жандарға ризашылықтарын білдірді. Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп және жыр шумақтарын айтып өз өнерлерін көрсетті.
Қорытындылай келгенде оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, өзара сыйластық пен татулықты нығайтуға ықпал етті.





