Тіліңізді таңдаңыз

Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де 25 мамыр күні 1–9 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де 25 мамыр күні 1–9 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын ұғындыру болды.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беріліп, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, қауіпсіздік шаралары және әдептілік қағидалары жөнінде әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар түрлі жағдаяттық тапсырмалар, пікір алмасулар ұйымдастырылып, бейнероликтер көрсетілді.
Оқушылар заңды құрметтеу, тәртіп сақтау – әр азаматтың басты міндеті екендігін түсініп, белсенді түрде өз ойларымен бөлісті. Сынып сағаттары мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.