Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Іс-шараға мектеп инспекторы Сержан Мерей қатысып, оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы маңызды ақпараттар берді.
Түсіндірме барысында:
-Жолдан дұрыс өту ережелері түсіндірілді
-Жаяу жүргіншілерге арналған белгілер мен бағдаршамның қызметі таныстырылды
-Қоғамдық орындарда және жол бойында өзін-өзі ұстау тәртібі айтылды
-Жол-көлік оқиғаларының алдын алу жолдары көрсетілді
Сонымен қатар, оқушыларға нақты мысалдар келтіріліп, бейнероликтер арқылы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
Қорытынды:
Жүргізілген түсіндірме жұмысы оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін арттырып, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.





