Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де оқушылардың жаз мезгіліндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 13.05.2026ж күні сынып жетекші Г.Тастанбекова 3-сынып оқушыларымен «Жазғы қауіпсіздік» тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы білімдерін арттыру, түрлі қауіптің алдын алу және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушыларға суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жолда жүру тәртібі, өрт қауіпсіздігі, күннің ыстығынан сақтану, табиғат аясындағы қауіпсіздік және интернет қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушыларға жазғы демалыс кезінде ата-ананың рұқсатынсыз алысқа шықпау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасамау, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі айтылды.
Сабақ соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қауіпсіздік ережелерін сақтауға уәде берді.





