Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздіктің алдын алу іс-шарасы .
Сейсмикалық жаттығу- қауіпсіздік кепілі.
2025жылы 8 желтоқсан күні сағат 11:00 де Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Осал обьект тосқауыл бойынша дабыл белгісі берілгеннен кейін оқушылар мен мектеп қызметкерлері эвукациялау жоспарына сәйкес мектеп ғимаратынан ұйымдасқан түрде сыртқа шықты.
Жаттығу барысында оқушылар:
-Қауіпсіз аймаққа тез жетуді,
-Сапқа тұру ережесін,
-Өзі көмек көрсетуді,
-Сабыр мен тәртіпті сақтауды үйренді
Осал объектілердің мақсаты- адам өмірін қорғау. Қауіп төнген кезде адамдарды жедел көшіру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қауіп-қатерді алдын ала бағалау. Қай нысан үшін қандай қауіп бар екенін анықтап, алдын алу шараларын дайындау. Төтенше жағдай болғанда әрекет жоспарын құру. Әр осал объект үшін арнайы эвакуациялау, өрт кезінде әрекет ету, хабарландыру схемалары жасалады. Материалдық шығынды азайту. Қорғаныс жүйелері, өрт дабылы, қауіпсіздік техникасы арқылы нысанды қорғау. Құтқару қызметтерінің жұмысын жеңілдету. Құтқарушыларға қай нысанда қандай қауіп барын алдын ала көрсету. Халықты ақпараттандыру және дайындау. Осал объектілерде оқу-жаттығулар өткізу, қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Қауіпсіздік әрқашан бірінші орында!





