Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Таза Қазақстан»

🌳🌳🌳”Таза Қазақстан”

Түркістан облысы, Отырар ауданы “Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп” КММ-де «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында кең көлемде тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, мектеп аумағын көркейту және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Тазалық жұмыстарына мектеп ұжымы және техникалық қызметкерлер белсенді түрде қатысты. Олар мектеп ауласын қоқыстан тазартып, ағаш түптерін әктеп, гүлдер отырғызу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сенбілік барысында айналаны көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай шаралар келешек ұрпақты, табиғатты аялауға, еңбекке баулуға және туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

https://www.facebook.com/share/p/1EiEdtHL57/