Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Таза Қазақстан» акциясы аясында мектеп ауласында көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп аумағын таза ұстау, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Тазалық жұмыстарына мектеп қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Іс-шара барысында мектеп ауласы қоқыстардан тазартылып, ағаштардың түбі қопсытылды, құрғақ жапырақтар мен шөптер жиналды. Ағаштар отырғызылды. Сонымен қатар мектеп аумағы ретке келтіріліп, айналаның көркеюіне үлес қосылды.
Бұл жұмыстар біздің табиғатқа деген жауапкершілігімізді арттырып, тазалық пен тәртіпті сақтауға баулуға бағытталды. Осындай игі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.





