Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
«Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Нәлібаева және мектеп медбикесі Б.Ахметова, Қыздар клубының жетекшісі Л.Тұрапбай 5-9 сынып жетекшілері мен 5-9 сынып оқушылары (қыздар) қатысты.
Мақсаты:
Қыз балаларға жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызын түсіндіру, денсаулықты қорғау мәдениетін қалыптастыру, ұқыптылыққа, тазалыққа және өзіне деген жауапкершілікті арттыру.
Осы мақсатта қыздар арасында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында жеке бас тазалығы, күнделікті гигиеналық талаптарды сақтау, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қыз балаларға тазалықтың адам денсаулығына тигізетін оң әсері, аурулардың алдын алудағы рөлі туралы мәлімет берілді. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына нақты жауап алды.
Жиналыс қыздардың денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастырып, жеке гигиенаға жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.





