"Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-нің тарих пәні мұғалімі Назерке Бақтиярқызы «Үздік мұғалім – 2026» байқауына қатысып, өз кәсіби шеберлігі мен жаңашыл тәжірибесін жоғары деңгейде таныстырып, жүлделі Бас жүлдемен марапатталды.
Аталған байқаудың мақсаты — заманауи білім беру үдерісінде мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру, озық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беруде тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын жетілдіру болып табылады.
Назерке Бақтиярқызы байқау барысында білім беру саласындағы инновациялық әдістерді, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын сабақ үдерісіне енгізу тәжірибесін сәтті көрсете білді.
Бұл жетістік — ұстаздың үздіксіз ізденісі мен еңбегінің, кәсіби біліктілігінің айқын дәлелі. Әріптесімізге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!





