Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 04.03.2026ж күні «Үздік мемлекеттік қызметші» тақырыбында ашық есік күні ұйымдастырылып, түрлі сала мамандары оқушылармен кездесті.
Іс-шара барысында қонақтар өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, қызмет жол ындағы тәжірибелері мен жетістіктері туралы айтып берді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы ақпарат алды.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың кәсіби бағдарын айқындап, елге адал қызмет етуге тәрбиелеуге ықпал етеді.





