Түркістан облысы Отырар ауданы “Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жастар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың, құмар ойынның алдын алу бағытында Отырар аудандық АПБ бөлімінің қызметкерлері мен мектебіміздің 5-9 сынып оқушылар арасында бірлескен жиналыс өтті. Жиналыста Отырар ауданы АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция подполковнигі Т.Меңлібаев жастар арасында “Алаяқтық” қылмыстың алдын алу, АПБ ЮПТ-нің инспекторы полиция лейтенанты М.Сержан “Жасөспірімдер арасындағы Буллинг, Кибербуллинг, әлімжеттік” қылмыстың алдын алу, АПБ КПБ-нің Жедел уәкілі полиция лейтенанты С.Көмек “Жастар арасында интернеттік алаяқтық және дропперлер туралы” қылмыстың алдын алу туралы кең көлемде баяндама жасап, бейнероликтер көрсетіп, түсіндірме жұмысын жүргізді.
Түсіндірме барысында полиция қызметкерлері жастар арасындағы алаяқтық әрекеттердің түрлері, интернет арқылы жасалатын қылмыстар, «дроппер» ұғымы және оның заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы буллинг, кибербуллинг, әлімжеттік мәселелері қозғалып, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Мамандар нақты мысалдар келтіріп, бейнероликтер көрсету арқылы оқушыларға заң талаптарын сақтау, күмәнді ұсыныстарға сенбеу, жеке деректерді қорғау қажеттігі жөнінде ескертті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, құқықтық кеңестер ұсынылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және қоғамда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын нығайту болып табылады





