Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Жастар – қоғам болашағы

Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Ұлан"ұлдар ұйымымен жұмыс барысында МДТЖЖО И. Налибаева мен Ұлдар ұйымының орынбасары Н.Жарқынбек ,5-9 сынып жетекшілерінің қатысуымен «Жастар – қоғам болашағы» тақырыбында 5-9 сынып оқушыларымен ұлдар жиналысы болып өтті. Мақсаты:

Ұл балалардың бойында азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, тәртіп пен әдеп нормаларын сақтауға баулу, салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және қоғамға пайдалы тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.

Осы мақсатта ұлдар арасында тәрбиелік жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында жастардың қоғамдағы орны, болашаққа деген жауапкершілігі, тәртіп сақтау, еңбекқорлық, білімге ұмтылу және дұрыс орта таңдау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттердің зияны, салауатты өмір салты мен ұлттық құндылықтарды құрметтеу мәселелері қозғалды. Ұлдар өз ойларын ашық білдіріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап алды.

Іс-шара жасөспірімдердің тұлғалық дамуына оң әсер етіп, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуына бағытталды.

https://www.facebook.com/share/p/1Hv36MKkW5/