Түркістан облысы Отырар ауданы
"Ә. Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Балдәурен"бастауыш сынып бірлестігінің
"Құндылыққа негізделген білім беру мен жасанды интеллект: бастауыш сыныпта" атты онкүндік барысында 03.02.2026ж күні бастауыш сынып мұғалімі Абилдаева Гулжанат 3 сынып оқушыларымен жаратылыстану пәнінен "Жер сфералары деген не?" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында үш түрлі жұмыс формасы ұйымдастырылды:
Топтық жұмыс: Оқушылар 4 топқа бөлініп, әр топқа бір Жер сферасы берілді. Топ мүшелері постер жасап, өз сферасының маңызын қорғап шықты. Бұл жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын, пікір алмасуын және шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етті.
Жеке жұмыс: Әр оқушы тақырып бойынша тапсырмалар орындап, өз білімін жеке көрсетті. Бұл олардың жауапкершілігін және өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайтты.
Ұжымдық жұмыс: Барлық сыныппен бірге талқылау жүргізіліп, Жер сфераларының өзара байланысы түсіндірілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.
Сабақ барысында ЖИ технологиялары тиімді пайдаланылды. Оқушыларға тақырыпқа қатысты қысқа бейнематериал, интерактивті суреттер және визуалды сызбалар көрсетіліп, түсініктерді тереңірек меңгеруге мүмкіндік берілді.
Қорытынды:
Сабақ мақсатына жетті. Оқушылар Жер сфералары туралы толық түсінік алып, олардың табиғаттағы маңызын ұғынды. Сабақ белсенді, қызықты және нәтижелі өтті.





