Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде 2026 жылдың 21 қаңтар күні “Балалар кітапханасы” жобасы аясында Ж. Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай мектеп тәлімгері Г.Абилдаеваның ұйымдастыруымен кітапханашы Г.Үмбетова “Жыр алыбы -Жамбыл” тақырыбында 3, 4, 5-сынып оқушылары арасында танымдық сабақ өткізді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын оқушыларға таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Танымдық сабақ барысында Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, ақындық мұрасы, ел тарихындағы орны туралы мәліметтер берілді. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармалары бойынша өз ойларын ортаға салды. Топтық жұмыс ұйымдастырылып, постер қорғау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамытылды.
Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Сабақ соңында тәрбиелік мәні зор қорытынды жасалып, ұлттық рухты қалыптастыруға бағытталған ойлар айтылды.





