Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде «Зорлық – зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн» халықаралық кампаниясын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес « Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы қозғалыстың күші» тақырыбында мектеп мінезгері А.Жаргобенова дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Сынып жетекшілерімен оқушылардың қарым-қатынасын нығайту, зорлық зомбылық туралы мағлұмат бере отырып,қиын жағдайда тиісті бағыт-бағдар беру мақсатында өтілді.Дөңгелек үстел амандасу танысу жаттығуымен басталды.Топқа бөле отырып постермен жұмыс жасау,сұрақтарға жауап,тақырыптық пікірталас,бейнеролик,топтық жұмыс,жағдаятық тапсырмалар берілді.Дөңгелек үстелдің мақсаты зорлық-зомбылықты болдырмау ғана емес, әрбаланың жүрегіне мейірім ұялату болды.





