Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

«Ата-ана педагогикалық қолдау орталығы .

Түркістан облысы Отырар ауданы Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау көрсету орталығының іс-жоспарына сай 6"а"сынып жетекшісі И.Пернебекова "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.Іс-шараның мақсаты:

Ата-аналардың балалардың зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз ортада өмір сүру құқығы туралы түсінігін арттыру, отбасындағы тәрбиенің маңызын түсіндіру, балаға мейірім мен құрметке негізделген қарым-қатынас қалыптастыру.

Іс-шараның өтілу барысында сынып жетекші И Пернебекова «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізді. Зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, сөздік, немқұрайдылық) және олардың бала психологиясына тигізетін кері әсері туралы мәлімет берілді.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары И.Налибаева ата-аналарға баламен дұрыс қарым-қатынас орнату, тәрбиеде күш қолданбай, түсіністікпен әрекет ету жолдары жөнінде кеңес беру мақсатында "Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі-сенім мен жеке шекараға құрмет" тақырыбында тренинг жүргізді.Сонымен қатар мектеп директоры Рысбай Серғазы Тыныштықұлы ата-аналармен пікір алмасты .Ата-аналар өз ой-пікірлерін білдіріп, мектеп ұжымына алғысын білдірді.

Отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығы атап өтілді.

Алдағы уақытта да балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өз жалғасын табады.

https://www.facebook.com/share/r/1AP2vWQTCm/