Түркістан облысы, Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 29-сәуір күні сағат 10:00 де
24.04.2026 күні Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектебінде психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысында психологиялық ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын жүргізу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиында мектеп психологы А.Жаргобенова ерекше назардағы оқушыларға толтырылатын бақылау парағын түсіндіріп, сынып жетекшілерге бірлескен жоспарлар құру, жоспармен жұмыс жүргізу процесін анықтап алуды ұсынды.
Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 13 сәуір күні 7-9 сынып оқушыларына Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, есірткі қылмысының зардаптары түсіндіріліп, нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы кеңінен насихатталып, фильмдер көрсетілді.
Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылардың психологиялық саулығын нығайту және суицидтің алдын алу мақсатында мектеп психологі А.Жаргобенованың ұйымдастыруымен арнайы тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларға өмірдің құндылығын түсіндіру, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету және эмоционалдық күйзелістерді жеңу жолдарын көрсету болды.
Іс-шара барысында психолог қатысушылармен сенімді қарым-қатынас орнатып, ашық пікір алмасу алаңын құрды. Тренингте «Менің өмірімнің мәні», «Қиындықты қалай жеңемін?», «Жақсы көңіл күй формуласы» сияқты жаттығулар мен топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінді.
Сонымен қатар, тренинг барысында күйзеліс, уайым, жалғыздық сияқты сезімдер туралы түсінік беріліп, оларды жеңудің тиімді тәсілдері (демалу жаттығулары, сенімді адаммен сөйлесу, хоббимен айналысу) ұсынылды. Психолог әрбір адамның өмірі бағалы екенін атап өтіп, кез келген қиындықтың шешімі бар екенін түсіндірді.
Тренинг соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай кездесулердің пайдалы әрі маңызды екенін жеткізді. Аталған іс-шара жасөспірімдердің психологиялық тұрақтылығын арттырып, өз-өзіне деген сенімін нығайтуға оң ықпал етті.
Түркістан облысы Отырар ауданы "Ә.Байтанаев атындағы негізгі орта мектеп" КММ-де 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне орай 5-9 сынып оқушылары арасында сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ғарыш әлемі туралы мағлұмат беру, ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыру және ғарышкерлердің ерлігі мен еңбегін насихаттау болды.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға ғарыштың тарихы, алғашқы ғарышқа ұшу, ғарышты зерттеу жетістіктері туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, ғарышкерлердің өмірі мен еңбегі туралы бейнероликтер көрсетіліп, танымдық әңгімелер жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ғарыш тақырыбында сұрақ-жауап, пікірталас жұмыстарына белсенді қатысты.
Кейбір сыныптарда шығармашылық тапсырмалар орындалып, сурет салу, эссе жазу, викториналық ойындар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар оқушылардың қиялын дамытып, тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында оқушылар ғарыш саласына деген қызығушылықтарын білдіріп, ғылымның маңыздылығын түсінді. Өткізілген сынып сағаттары танымдық әрі тәрбиелік мәні зор болып, оқушылардың білім көкжиегін кеңейтуге ықпал етті.